Алматы қаласында өткен «Авторлық бағдарлама – білім берудегі жаңа мүмкіндіктер» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік вебинар аясында «QAZBILIM ALMATY» ұлттық лицейінің география пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Бакытова Эльвира Қанатқызы өз авторлық бағдарламасын таныстырды.
«Геоэкология және геоэкономика негіздері» тақырыбындағы бағдарламада қазіргі білім беру талаптарына сай жаңа мазмұн мен әдістемелік ұстанымдар қамтылған. Бағдарламаның мақсаты мен міндеттері, күтілетін нәтижелері нақты көрсетіліп, әріптестері тарапынан оң баға алды.
Аталған авторлық бағдарлама Ауезов, Бостандық, Медеу және Алатау аудандарының мектептеріне таратылып, география пәні мұғалімдеріне көмекші құрал ретінде қолдануға ұсынылды.